Қала күні құтты болсын!

Қала күні құтты болсын!

Құрметті алматылықтар!

Сіздерді Алматы қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алматы – тарихы терең, әрдайым жаңарып, дамып келе жатқан айрықша қала. Әсем табиғаты мен қайталанбас келбеті, мәдениеті мен ерекше атмосферасы оны баршамызға ыстық етеді.

Қаламыздың басты байлығы – оның тұрғындары. Алматының өркендеуі мен көркеюіне күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматқа алғысымды білдіремін.

Осындай мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Сүйікті қаламыз күн сайын көркейіп, қарқынды дамып, әр шаңырақта қуаныш пен игілік мол болсын!

Қала күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Абзал Егембердиев