
Күйдіргі (сібір жарасы) – Bacillus anthracis бактериясы тудыратын, адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті инфекциялық ауру. Аурудың негізгі ерекшелігі – қоздырғыштың сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталатын споралар түзуі. Осыған байланысты күйдіргі ошақтары ұзақ жылдар бойы эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін.
Күйдіргі негізінен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездеседі. Адамға инфекция көбінесе ауру немесе инфекцияланған жануармен, оның терісімен, жүнімен, етімен және басқа да өнімдерімен байланыста болған кезде жұғады.
Адамдардың күйдіргімен сырқаттануының негізгі қауіп факторларына:
Күйдіргінің ең жиі кездесетін түрі – терілік түрі. Ол қоздырғыштың зақымдалған тері арқылы енуінен кейін дамиды. Сирек жағдайда инфекция тыныс алу немесе асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі мүмкін. Бұл түрлері аса ауыр өтуі ықтимал.
Күйдіргінің эпидемиологиялық ерекшелігі – қоздырғыш спораларының топырақта ұзақ уақыт сақталуы. Сондықтан бұрын күйдіргі тіркелген немесе мал көмінділері орналасқан аумақтар инфекция тұрғысынан қауіпті болуы мүмкін.
Аурудың алдын алуда денсаулық сақтау, ветеринария және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие. Адамдар арасында аурудың алдын алу тек медициналық шаралармен шектелмей, жануарлар арасында ветеринариялық бақылауды, профилактикалық вакцинацияны және қолайсыз пункттердегі санитариялық-эпидемиологиялық шараларды қамтуы тиіс.
Күйдіргінің алдын алудың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық талаптарға сәйкес уақтылы вакцинациялау. Мал иелері ветеринариялық қызмет мамандарының ұсынымдарын сақтап, жануарларды профилактикалық иммундаудан өткізуі қажет.
Сонымен қатар:
Адамдар арасында профилактикалық вакцинациялау эпидемиологиялық көрсетілімдерге және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Күйдіргінің алдын алу үшін тұрақты ақпарат алмасу қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағытта:
Күйдіргінің алдын алуда халықтың хабардар болуы маңызды рөл атқарады. Ауру малмен немесе оның өнімдерімен байланыста болған жағдайда денсаулық жағдайына ерекше назар аударып, күдікті белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.
Ең бастысы – ауру немесе ауруға күдікті жануарды өз бетінше союға, оның етін пайдалануға және өлексесін бөлшектеуге болмайды. Мұндай жағдай туралы ветеринариялық қызметке дереу хабарлау қажет.
Күйдіргі – адам денсаулығына ғана емес, ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке де тікелей әсер ететін инфекция. Оның алдын алу үшін адам мен жануар арасындағы инфекцияның берілу тізбегін үзуге бағытталған кешенді шаралар қажет.
Күйдіргі бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылау, жануарларды профилактикалық вакцинациялау, халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру және денсаулық сақтау мен ветеринариялық қызметтердің тиімді өзара іс-қимылы аурудың алдын алудың негізгі шарттары болып табылады.
Дайындаған: Алматы қаласы Әуезов ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Б.С. Тілеуберген.