
Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әуезов ауданындағы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының үш бөлімшесінде бірқатар іс-шаралар өтуде.
Апталық аясында отбасыларға арналған ашық сабақтар ұйымдастырылып, спорттық сайыстар өткізілуде. Іс-шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне, өзара сыйластық пен қолдауды арттыруға бағытталған.
Отбасы – мейірім мен тәрбиенің, қамқорлық пен татулықтың бастауы. Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі.