Әуезов ауданында «Алматы – есірткісіз қала» тақырыбында кездесу өтті

Әуезов ауданында «Алматы – есірткісіз қала» тақырыбында кездесу өтті


Әуезов ауданында жастар арасында есірткінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алматы – есірткісіз қала» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы қатысып, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны, оның құқықтық салдары, жастар арасында кең таралған қауіптер және олардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы шешім қабылдауына және зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етеді.

Әрбір дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі. Денсаулықты бағалап, өмірді таңдаңыз!

Участники также смогли задать интересующие вопросы и получить ответы специалиста. Проведение подобных профилактических мероприятий способствует повышению правовой культуры молодежи и формированию устойчивого неприятия наркотиков.

Каждый правильный выбор — шаг к благополучному будущему. Берегите здоровье и выбирайте жизнь!