
Әуезов ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Каниевич қатысып, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің негізгі талаптарын түсіндірді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі адалдық, жауапкершілік, ашықтық, қызметтік тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жиын аясында коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Данияр Нұрдәулет Сәкенұлы және Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы Тұрысбаев Азамат Жандосұлы салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз міндетін адал әрі кәсіби атқарып, халық мүддесіне қызмет етуі тиіс.