Алматыда жалпы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Алматыда жалпы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

2026 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласында Еңбек күніне және Қала күніне орай жалпы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге қала жұмыс берушілері, жұмыс іздеушілер, жастар, оқу орындарының түлектері және жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтар қатыса алады.

Өтетін орны: Арбат, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы
15 қыркүйек 2026 жыл
Басталуы: 15:00
Қатысушыларды тіркеу: 14:00-ден бастап

Жәрмеңке барысында келушілер бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.