
Әуезов ауданында жалпыаудандық сенбілік өтеді
29 тамыз күні Әуезов ауданында аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыруға бағытталған жалпыаудандық сенбілік өтеді.
Сенбілік барысында аумақты қоқыстан тазарту, жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар қатыса алады.
Күні: 29 тамыз 2026 жыл
Басталуы: 09:00
Жиналу орны: Шымбұлатов көшесі
Әуезов ауданының тұрғындары мен қонақтарын сенбілікке қатысып, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.