Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Үлкен Алматы өзенінің жағалауында кезекті аудандық сенбілік өтті

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Үлкен Алматы өзенінің жағалауында кезекті аудандық сенбілік өтті

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Үлкен Алматы өзенінің жағалауында кезекті аудандық сенбілік өтті.

Сенбілікке аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару және коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, белсенділер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен жастар қатысты. Жалпы тазалық жұмыстарына 300-ден астам адам атсалысты.

Сенбілік барысында өзен жағалауы, жасыл аймақтар мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылып, ретке келтірілді.

Жұмыстарға 50 коммуналдық қызметкер, 9 арнайы техника жұмылдырылып, 350 бірлік құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 25 м³ қоқыс шығарылды.

Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!