Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру және аула аумақтарын күтіп ұстау, инженерлік инфрақұрылым, көгалдандыру, автотұрақ орындарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу және жалдамалы тұрғын үй мәселелерін көтерді.

Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге қажетті шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей кері байланыс орнатуға және ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді жедел қарастыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:

— «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге;

— немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.