
Құрметті тұрғындар!
Бүгін «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Осыған байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар аудандарында электрмен жабдықтауда іркілістер орын алуда.
Қаланың бірқатар аудандарында сонымен бірге Әуезов ауданында да электр энергиясын беруде уақытша өшірулер байқалуда.
Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.
Тұрғындардан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жағдай бақылауда, электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.