
Қазақстан Жазушылар кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеуге арналған «Абай оқулары – 2026» поэзия кеші өтті.
Кеш барысында «Абай әлемі» кітап көрмесі таныстырылып, қаламгерлер мен ардагерлер ақын мұрасының рухани және тәрбиелік маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара «Ұлттық мұра – Абай әндері» концерттік бағдарламасымен жалғасты. «Бәйтерек» демалыс орталығы мен №72 мектептің оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, күйлер орындап, өз өнерлерін көрсетті.
Абай мұрасы – бір дәуірдің ғана емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Оның білімге, еңбекке, адамгершілік пен бірлікке үндеген ойлары бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Осындай тағылымды кештер арқылы жас ұрпақ Абайды оқып қана қоймай, оның сөзінің мәнін түсініп, рухани мұрасын жүрекпен сезінеді.