
Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 3-ықшамауданында кезекті аудандық сенбілік өтті.
Сенбілік барысында көше бойлары, қоғамдық кеңістіктер мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына 50 коммуналдық қызметкер, аудан бойынша жалпы саны 200-ден астам адам, 7 арнайы техника жұмылдырылып, 70 м³ қоқыс шығарылды.
Ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!