
Әуезов ауданының Полиция басқармасы мен Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Сайран көлі аумағында демалып жүрген тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға Сайран көлінде суға түсуге болмайтыны түсіндіріліп, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға, жағалау маңында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырды.
Мамандар демалушыларға арнайы жадынамалар таратып, жаз мезгілінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі екенін атап өтті.