Әуезов ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Әуезов ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

      Әуезов ауданы Полиция басқармасы ағымдағы жылдың  31 шілде мен   01 тамыз  аралығында  отбасылық – тұрмыстық  зорлық зомбылық  фактілерін  азайтуға  және   азаматтардың  құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғау  шараларын  күшейтуге бағытталған  «Қауіпсіз үй»  республикалық  жедел-профилактикалық  іс-шарасының өткізілетіні туралы  хабарлайды.

Іс шара барысында  полиция қызметкерлері  тұрғындар арасында  түсіндіру жқмыстарын жүргізеді,пәтерлерді  аралау,тұрғындармен кездесулер  ұйымдастырады,сондай-ақ отбасылық -тұрмыстық  қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар  бойынша  профилактикалық  есепте тұрған  тұлғаларды  тексереді . Әйелдерге, балаларға және  әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты –отбасылық-тұрмыстық  қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың  алдын алу,халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру  және  қиын өмірлік жағдайға тап болған  адамдарға уақытылы  көмек көрсету .

 

 

Әуезов  ауданы ПБ ҚҚБ

ОТЗЗҚК бөлімшесінің  бастығы

 полиция майоры                                                                       Шалқарова Д.Б.