
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 25 жылдық мерейтойы аясында Family Park отбасылық саябағымен бірлесіп, орталықтың қызмет алушылары арасында боулингтен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – орталық қызмет алушыларының бос уақытын мазмұнды өткізіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жарыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар орталық директоры Қуанышбек Баямановтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.