«Заң мен әділдік – елдің іргетасы» атты құқықтық акция өтті

«Заң мен әділдік – елдің іргетасы» атты құқықтық акция өтті

15 шілде күні Әуезов ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік - елдің іргетасы» атты құқықтық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Акция барысында аудан тұрғындары прокуратура және полиция органдарының қызметкерлерінен, сондай-ақ адвокаттар мен заңгерлерден тегін құқықтық кеңес алды. Азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары, мүліктік құқықтар және басқа да құқықтық мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты түсіндірулер алды.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, заң талаптарын кеңінен түсіндіруге және құқықтарын қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.