Сайран көлінде судағы қауіпсіздік бойынша ақпараттық акция өтті

Сайран көлінде судағы қауіпсіздік бойынша ақпараттық акция өтті


Алматы жастары мен Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Сайран көлінің аумағында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізді.


Іс-шара барысында тұрғындарға Сайран көлінде шомылуға тыйым салынғаны түсіндіріліп, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тыйымдар көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылып, азаматтарға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.


Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың судағы қауіпсіздік талаптары туралы хабардарлығын арттыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.