Құқықтық сауаттылық – әр азаматтың сенімді қорғанысы

Құқықтық сауаттылық – әр азаматтың сенімді қорғанысы

Құқықтық сауаттылық – әр азаматтың сенімді қорғанысы

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Әуезов ауданындағы Отбасын қолдау әлеуметтік орталығында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: азаматтардың құқықтары, бостандықтары және әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заңмен кепілдендірілген әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.

Іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.