
Бүгін Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» скверінде «Спорт – достық алаңы» атты бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында достық пен бірлікті нығайту. Қатысушылар эстафета, нысанаға дәлдеп лақтыру, Double Dutch және көңілді спорттық жарыстарға белсене қатысты.