
Әуезов ауданында жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңестің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және орналастыру кезінде заңнама талаптары мен мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жиын барысында Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны дұрыс орналастыру тәртібі, Мемлекеттік Әнұранды орындау талаптары, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі мәселелері қаралды.
Қатысушыларға мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.