Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – кәсібилік пен жауапкершілікті, адалдық пен табандылықты талап ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында мемлекеттік бастамалар жүзеге асып, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның дамуына елеулі үлес қосылуда.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Мерейлеріңіз үстем болып, абырой-беделдеріңіз арта берсін!

Ізгі тілекпен,
Абзал Егембердиев