
Әуезов ауданында экологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіліп, экологиялық рейд ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Әуезов ауданының экология бөлімі, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және полиция қызметкерлері бірлесіп нысандардағы экологиялық және санитарлық талаптардың сақталуын тексерді. Сонымен қатар тұрғындар мен жаяу жүргіншілер арасында қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінде бірқатар нысандарда экологиялық және санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұлдар салынды.