
Медицина қызметкерлері күніне орай Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев аудан денсаулық сақтау саласы өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бүгінде аудан аумағында 49 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 11 мемлекеттік және 38 жекеменшік ұйым бар. Медициналық ұйымдарға 363 мыңнан астам тұрғын тіркелген.
Іс-шара барысында аудан бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар медицина ұйымдарының дамуына және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге үлес қосып жүрген бірқатар мамандар марапатталды.
Денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!