
Әуезов ауданында тұрғындармен және мекеме қызметкерлерімен «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау аясында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың заң талаптарын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құқықтық саладағы өзекті өзгерістер мен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесуге Әуезов ауданы прокуратурасының, Полиция басқармасының, аудан әкімдігі аппаратының өкілдері мен құқық саласының мамандары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға заңнаманың өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шаралары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар қажетті құқықтық көмек алып, өз сұрақтарына жан-жақты жауаптар мен оларды шешу жолдары бойынша түсіндірмелер алды.