Әуезов ауданында азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

Әуезов ауданында азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

Әуезов ауданы әкімінің аппаратында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтық белсенділігін ынталандыруға бағытталған танымдық семинар өтті. Іс-шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың

Марат Маутенұлы Қалимолдин қатысушыларға азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және қоғамдық белсенділікті арттыру бағытында жан-жақты ақпарат беріп, тұрғындармен пікір алмасты. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.