Әуезов ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Әуезов ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Әуезов ауданы әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік және еңбек тәртібін нығайту мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Жиынды Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ләззат Нұржігітқызы Жетыбаева жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында және тұрмыста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтің беделіне, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялауға жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жиналыс барысында аудан және қала басшылығының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер этикасының негізгі қағидаттары – заңдылық, адалдық, әділдік, жауапкершілік, кәсібилік, азаматтарға құрметпен қарау, ашықтық пен жариялылық мәселелері кеңінен қарастырылды. Қызметтік әдеп пен мемлекеттік қызмет беделін сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі екені атап өтілді.