
Әуезов ауданында көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапатқа ие болған аналарға алғыс білдіріліп, олардың отбасы институтын нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, аналарға денсаулық, бақ-береке және отбасыларына амандық тілектер айтылды.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері – елдің демографиялық дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсетіп жүрген ардақты аналар.
Біз ардақты аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке мен мол қуаныш тілейміз. Перзенттеріңіздің қызығын көріп, шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толы болсын!