Көк байрағымыз көкте желбіреді: Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі мен патриоттық флешмоб өтті

Көк байрағымыз көкте желбіреді: Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі мен патриоттық флешмоб өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Б.Момышұлы атындағы әскери спорт колледжінде салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі және Тулармен флешмоб ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушылар Мемлекеттік Туға құрмет көрсетті. Жастар ел рәміздерінің маңызы мен олардың ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөліне ерекше назар аударды.

Мерекелік шара аясында Тулармен патриоттық флешмоб өтіп, қатысушылар көк Туды желбіретіп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен елге деген мақтаныш сезімдерін білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер күніне орай көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілу акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елдік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.