Әуезов ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық флешмоб өтті

Әуезов ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық флешмоб өтті

 

Әуезов ауданындағы №97 мектеп-гимназиясының стадионында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың мақтанышы» атты республикалық флешмоб өтті.

Іс-шараға аудан жастары, тұрғындар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Мерекелік бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау салтанатымен басталып, қатысушылардың қатысуымен патриоттық флешмоб ұйымдастырылды.

Шара барысында көпшілік сүйіп тыңдайтын «Көк тудың желбірегені» және «Атамекен» әндері орындалып, еліміздің басты рәміздеріне деген құрмет пен отансүйгіштік рух дәріптелді.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті нығайтып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етеді.