«Ұлт рухының ұлы белгілері: Ту, Елтаңба, Әнұран»

«Ұлт рухының ұлы белгілері: Ту, Елтаңба, Әнұран»

«Ұлт рухының ұлы белгілері: Ту, Елтаңба, Әнұран»

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ұлт рухының ұлы белгілері: Ту, Елтаңба, Әнұран» атты әдеби-патриоттық кеш өтті.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ермахан Әбдіраман, ақын-аудармашы Саят Қамшыгер, еңбек және соғыс ардагерлері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.

Кеш барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны мен маңызын талқылап, олардың ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын нығайтудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Іс-шара аясында мемлекеттік рәміздерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық бағдарлама ұсынылды. Қатысушылар патриоттық әндерді тыңдап, әдеби шығармаларды тамашалап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды кештің куәсі болды.

Әдеби-патриоттық кештің басты мақсаты – мемлекеттік рәміздердің тарихи және рухани мәнін кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойында елжандылық пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.