Әуезов ауданында «Таза сана» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Менің таза аулам» экологиялық акциясы өтті

Әуезов ауданында «Таза сана» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Менің таза аулам» экологиялық акциясы өтті

Әуезов ауданында «Таза сана» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Менің таза аулам» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шара барысында аудан тұрғындары үшін қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау алаңы ұйымдастырылып, балалар мен ересектерге арналған экологиялық бағдарлама өткізілді.

«Таза сана» жобасының эко-спикері Марина Яцун экологиялық ойындар мен шеберлік сағатын ұйымдастырып, қатысушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызы, тазалық мәдениеті және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары туралы ақпарат берді.

Іс-шарада балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Ойын форматында олар өз ауласын таза ұстаудың маңызын түсініп, өзгенің еңбегін құрметтеуді және қоқысты бей-берекет тастамаудың қажеттілігін үйренді.

«Менің таза аулам» жобасының басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ қала тұрғындарын таза, жайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға тарту.