Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өтті

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өтті

 

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Әуезов ауданында кезекті аудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке Әуезов ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері, медицина және білім беру мекемелерінің өкілдері, құтқару қызметтерінің мамандары, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, белсенді жастар, кәсіпкерлер және аудан тұрғындары қатысты. Жалпы шараға 200-ден астам адам жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар мен жасыл аймақтар қоқыстан тазартылып, аудан аумағын абаттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.


* 10 бірлік арнайы техника тартылды;
* 200 дана шанц құралдары пайдаланылды;
* 80 м³ қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және ауданның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған.