Әуезов ауданында күнделікті тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Әуезов ауданында күнделікті тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Аудан аумағында көшелерді сыпыру, арық жүйелерін тазалау, жол жиектері мен брусчаткаларды жуу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, жасыл аймақтарға күтім жасалып, арам шөптер жұлынуда, бұталар мен ағаштардың түбі қопсытылып, айналасы тазартылуда. Қажеттілігіне қарай ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі.

Аталған жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.