
Іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Әуезов Community орталығы және аудандық полиция басқармасының өкілдері қатысты.
Рейд барысында түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарында жүруіне жол бермеу, сондай-ақ нысандардың жұмыс тәртібін сақтау мәселелері тексерілді.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында жүйелі түрде жалғасады.