«Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді

«Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді

Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы шеңберінде жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді.

Аталған шарада жасөспірімдер тартысқа толы әрі жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.