Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті аудандық сенбілік өткізілді

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті аудандық сенбілік өткізілді

 

 

16 мамыр күні 1-ықшам ауданында орналасқан сквер аумағында 500-ден астам адамның қатысуымен локалды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, медицина және білім беру мекемелерінің өкілдері, құтқару қызметтері, коммуналдық мекеме қызметкерлері, еріктілер, белсенділер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.

Сенбілік барысында:
* 150 жұмысшы жұмылдырылды;
* 10 бірлік арнайы техника тартылды;
* 400 дана шанцевый құрал пайдаланылды;
* 110 м³ қоқыс шығарылды.