
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес әкім аппараты қызметінде (ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық даму бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде.
2026 жылғы 15–22 мамыр аралығында аппараттың интернет-ресурсында орналастырылған талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама жобасын жария талқылау өткізілуде. Аналитикалық анықтама жобасына қатысты ұсыныстар немесе ескертулер болған жағдайда, 2026 жылғы 22 мамырға дейін mqbauezov@gmail.com электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8 708 744 9159, 8 701 783 9348, 8 (727) 338 46 37.