
Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы базарлар басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында салық түсімдерін ұлғайту, еңбек қатынастарын реттеу, санитарлық тазалықты сақтау, көгалдандыру және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, сауда нысандарының Алматы қаласының Дизайн-код талаптарына сәйкестігі, базарларды жаңғырту және автотұрақ аумақтарын тиімді пайдалану бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Жиынға «Сары-Арқа», «Арыстан», «Ақ жол» және «Сырдария» базарларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз сауда орындарын болдырмау және кәсіпкерлермен тұрақты кері байланысты күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Жауапты бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.