
Әуезов ауданында санитарлық тазалықты сақтау және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау бағытында кешенді тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Көріктендіру бөлімі тарапынан аудан аумағында тротуарларды, қоғамдық орындарды, жерүсті және жерасты өткелдерін тазалау, қоқыс шығару, санитарлық тазалау және аудан инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары атқарылуда.
Күндізгі ауысымға 337 жұмысшы мен 71 арнайы техника жұмылдырылып, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Таза әрі жайлы аудан қалыптастыру — коммуналдық қызметтердің күнделікті жұмысының маңызды бағыты.