
Әуезов ауданында еңбек қатынастары мен еңбекақы төлеуді реттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесу барысында бюджет кіріс бөлігін арттыру, салықтық әкімшілендіруді тиімді жүргізу және көлеңкелі секторды заңдастыру бағытындағы Жол картасының жүзеге асырылуы қаралды.
Жиын барысында жауапты мемлекеттік органдар мен құрылымдардың атқарып жатқан жұмыстары тыңдалып, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Отырысқа мемлекеттік кірістер, полиция және еңбек инспекциясы саласының өкілдері қатысты.