Жеңіс күніне орай Орталық зиратта гүл қою рәсімі өтті

Жеңіс күніне орай Орталық зиратта гүл қою рәсімі өтті

Әуезов ауданында Жеңіс күніне орай Орталық зиратта гүл қою рәсімі өтті.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Әуезов ауданында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алуға арналған гүл қою рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға ардагерлер, аудан тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бүгінгі бейбіт өмір мен тыныштық – аға буынның жанқияр ерлігі мен қайсарлығының нәтижесі. Ер есімі – ел есінде.