«Жеңіс саябағында» “Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен тәлімгерлері ардагерлерге арналған “Біздің мәңгілік жадымызда” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды

«Жеңіс саябағында» “Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен тәлімгерлері ардагерлерге арналған “Біздің мәңгілік жадымызда” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс саябағында» “Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен тәлімгерлері ардагерлерге арналған “Біздің мәңгілік жадымызда” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар Жеңіс батырларына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетті. Концертте тәрбиеленушілер Отан, бейбітшілік және ерлік туралы тақпақтар оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, би билеп, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалардың өнерін тамашалаған ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру, Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру және батырлардың ерлігін ұмытпауға тәрбиелеу.