
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Әуезов ауданында «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты аудандық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға әскери қызмет ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі тәрбиеленушілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілді.
Мерекелік жиынға территориалдық прокуратура өкілдері, сондай-ақ «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы, генерал-майор Махмұт Өтегенұлы Телегусов қатысты.
Сонымен қатар, іс-шараға КСРО Қарулы Күштерінің ардагері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ардагері, отставкадағы полковник Асқар Назирович Сафаров қатысты. Ол 1997 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі Тыл басқармасы штабының жедел-тылдық, жауынгерлік және мобилизациялық дайындық бөлімінің бастығы қызметінен зейнеткерлікке шыққан.
Шара барысында әскери-патриоттық рухтағы концерттік бағдарламалар мен көркем қойылымдар ұсынылып, жастарға отансүйгіштік рух сыйлады.