7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Құрметті достар!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – елге қызмет етудің, Отанға адалдық пен ерліктің айқын көрінісі. Ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – құрметке лайық.

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы – Отан қорғаушылардың қажырлы еңбегі мен ел бірлігінің нәтижесі. Бүгінде сіздер батылдықтың, тәртіптің және елге деген адал қызметтің үлгісін көрсетіп келесіздер.

Әр шаңыраққа амандық, мықты денсаулық, бақ-береке мен бейбіт өмір тілеймін! Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!

Ізгі ниетпен, Абзал Егембердиев