Әуезов ауданында еңбекке ақы төлеу және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Әуезов ауданында еңбекке ақы төлеу және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Әуезов ауданында еңбекке ақы төлеу және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Кеңес бюджеттің кіріс бөлігін тиімді салықтық әкімшілендіру және көлеңкелі экономиканы заңдастыру арқылы арттыру жөніндегі Жол картасы аясында ұйымдастырылды.

Отырыс барысында ресми түрде тіркелген қызметкерлері жоқ, бірақ айналымы бар кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жалақы деңгейі белгіленген межеден төмен кәсіпорындар мәселелері қаралды.

Қатысушылар еңбек шарттарының болмау себептерін, еңбек заңнамасының сақталуын және субъектілер қызметін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру шараларын талқылады.

Жиынға Мемлекеттік кірістер басқармасының, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, сондай-ақ Әуезов ауданының кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, еңбек қатынастарын заңдастыру және салық түсімдерін арттыру бағытындағы алдағы шаралар айқындалды.