
Алматы қаласы Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Нұрмуханбет Дидар Берікұлы «ЦинКаз» кәсіпорнының қызметкерлерімен жиналыс өткізді.
Онда Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы" заңының 36 бабы бойынша әрбір ер адам Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті екені туралы және Көктемгі әскерге шақыру науқанының жұмысы жөнінде мәліметтер айтылды.
Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарылған азамат аталған заңның 387 бабы бойынша жазаланатыны жайлы және қазіргі уақытта смс шақыртулар жіберіліп жатқанын түсіндірді.
Әскер өмірі мен ондағы жетістіктер, сарбаздарға көрсетілетін жеңілдіктер мен өзгерістер туралы толық ақпарат берілді.