
Экологиялық науқан Сайран шағын ауданында — Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақта ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданның шамамен 700 тұрғыны мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Атқарылған жұмыстар аясында:
* 700-ге жуық адам жұмылдырылды;
* 20 бірлік арнайы техника тартылды;
* 700 бірлік құрал-жабдық пайдаланылды.
Сенбілік барысында келесі жұмыстар орындалды:
* тұрмыстық қоқыстарды тазалау;
* ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару;
* шөп шабу;
* аумақтарды сыпыру;
* жасыл желектер мен қоғамдық орындарды санитарлық тазалау.
Іс-шара қорытындысы бойынша шамамен 100 м³ қоқыс шығарылды.
Мұндай іс-шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.