Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы аудан тұрғындарымен кездесті

Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы аудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін №132 гимназия-мектебінде Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Атап айтсақ, абаттандыру жұмыстары, суару жүйесінің жай-күйі, жол инфрақұрылымы, аула қауіпсіздігі, автотұрақтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ жасыл желектерді санитарлық кесу мәселелері көтерілді.

Барлық ұсыныс-пікірлер мен тұрғындар өтініштері бақылауға алынды. Жауапты коммуналдық және аудандық қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы кезең-кезеңімен қадағаланатын болады.