«AUEZOV  FEST - 2026» Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жәрмеңкесі

«AUEZOV  FEST - 2026»  Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жәрмеңкесі

«AUEZOV  FEST - 2026»

Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жәрмеңкесі

 

                «UAQYT» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Әуезов ауданы демалыс орталықтарының аудандық «AUEZOV  FEST-2026» атты жәрмеңкесі өткізілді.

          Жасөспірімдер мен жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді өткізіп, жасөспірімдер мен жастардың қабілеттерін, олардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық дағдылары мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту мақсатында Алматы қаласының Әуезов ауданында «UAQYT» Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Әуезов ауданының демалыс орталықтарының қызметін іске асырады. 12 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар 28 үйірмелер мен секцияларда тұрақты және тегін негізде айналысады.

 

        «AUEZOV  FEST-2026» фестивалі ағымдағы жылдың 25 сәуір күні сағат 12:00-де Сары-Арқа алаңында өтті.

 

         Жоғарыда аталған іс-шараны өткізу шеңберінде фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін қызығушылықтарына байланысты демалыс орталықтарының жәрмеңкесі, ойын-сауық концерттік бағдарламасы, дамытушы шеберлік сыныптары, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.