
Әуезов ауданы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастырылды.
Рейд барысында ойын-сауық орындары тексеріліп, кәмелетке толмағандардың заңсыз болуына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлердің назарына: сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу қажет. Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын және энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынғанын еске саламыз.
Аталған шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті.
Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.